Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Шартты түрде»: ШҚО-да бұрын іздеуде жүрген адам ұсталды

ШҚО-да «Шартты түрде» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

48 жастағы сотталған 2021 жылдың қаңтар айында ұрлық үшін екі жыл алты айға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталып, пробация есебіне есепке алынды.

Алайда бас бостандығын шектеу жазасын өтеу тәртібі мен шарттарын біле отырып, кезекті тіркеуге келмей, пробация қызметінен жасырынған. Осыдан кейін оған іздеу жарияланып, нәтижесінде профилактикалық іс-шара кезінде сотталған ұсталды.

– Іздеуде жүрген адамды Өскемен қаласынан ұстады. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Енді ол 2,2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді пробация қызметінің аға инспекторы Айдын Қайсанов.


Айта кетсек, 21-27  маусым аралығында «Шартты түрде» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы мақсат – құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру