Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлігіне арнайы дыбыс сигналын орнатқан 19 жастағы атыраулыққа айыппұл салынды

Көлігіне арнайы дыбыс сигналын орнатып, терезесін күңгірттеген 19 жастағы атыраулыққа айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 сәуір күні әлеуметтік желіде Lada Priora автокөлігінің Бейбарыс көшесінде орналасқан көпір үстінде арнайы дыбыс беру құрылғысын пайдаланып, сонымен қатар алдынғы терезелері қараңғылатылған күйде келе жатқан бейнежазбасы тараған болатын.

Аталған бейнежазба бойынша патрульдік полиция қызметкерлері тез арада Lada Priora маркалы автокөлігін анықтады. Оның жүргізушісі 19 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

19 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 10-бөлімі 7,4-тармағымен (Көлік құралының алдыңғы әйнектерін қараңғылату), ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 10-бөлімі 7,17-тармағымен (Көлік құралының алдынғы жарық беру аспаптарына лэд, ксенон құрылғыларын қондырған) әкімшілік хаттамалар жасақталып, осы аталған құқық бұзушылықтарды бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін 116 680 тенге көлемінде айыппұл салынды.

Одан басқа, арнайы дыбыс сигналдарды беруге арналған құрылғыларды көлік құралына тиісті рұқсатсыз орнатқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданып, көлік құралы арнаулы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру