Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте заңсыз сауда жасағандар анықталды

Шымкентте заңсыз сауда жасағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары аудан аумағындағы белгіленбеген орындарда сауда жасаушыларға кезекті бақылау жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында 16 шағынауданы №31 үй жанына белгіленбеген орында ретсіз сауда жасап тұрған ер адам анықталды.

Әкімшілік аумаққа жауапты учаскелік полиция инспекторлары ретсіз саудамен айналысып жүргендерге профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту жасады. Қалаға жақын елді мекеннен келіп сауда жасаушыларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі баптары түсіндіріліп, қала аумағындағы базарлар мен жәрмеңкелердегі орындарда сауда жасау керек екені ескертілді.

Ал заңды талапқа бағынбай бірнеше рет әкімшілік құқық бұзғандарға ҚР ӘҚБтК-нің  204-бабы (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) бойынша хаттама толтырылып, әкімшілік шара көрілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру