Шымкентте тұрғын көршісінің үйіне ұрлыққа түсті
2021 жылдың 23 маусымында Қаратау АПБ-ның «102» нөмірі арқылы жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам үйінің қақпасынан асып кіріп, аулада орналасқан тапшанның үстінде тұрған құны 110 000 теңге тұратын «Redmi 9» маркалы ұялы телефонын, содан үйінің ауласында тұрған автокөлікті ашып, ішінен 20 мың теңге ақшасын және жүргізуші куәлігі, техпаспорты, жеке куәлігі болған әмиянын ұрлап кеткенін айтты. Жалпы келтіргенін шығын – 130 000 теңге.
Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған ер адам көршісі болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.