Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жүк көлігінің мас жүргізушісі ұсталды

Ақтөбе облысында жүк көлігінің мас жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері “Ақтөбе-Орынбор” автожолында жарық құралдары өшірілген MAN жүк көлігін тоқтатып, құжаттарды тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан, жүргізілген сараптама жүргізушінің мас күйінде екенін растады.

Беларусь Республикасының 49 жастағы азаматының басқаруындағы жүк көлігі Түркістан облысынан Беларусь Республикасына қарбыз тасымалдап жүрген.

Мәртөк аудандық сотының шешімімен шетелдік азамат 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру