Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаза өтеуден жалтарған ақтөбелік есепте тұрған сотталған тәртіптік жазаға тартылды

Жаза өтеуден жалтарған ақтөбелік есепте тұрған сотталған тәртіптік жазаға тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрлық жасағаны үшін үш жыл бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған Байғанин ауданының тұрғыны жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жазаға тартылды.

Сотталған азамат аудандық пробация қызметінің рұқсатынсыз және тұрғылықты мекен- жайынан шыққанын Пробация қызметіне ескертпестен, Ақтөбе қаласына кетіп қалған. Оның бұл әрекеті Байғанин аудандық пробация қызметкерлерімен жүргізілген “Шартты түрде” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды.

– Сотталған М. Пробация қызметінің рұқсатынсыз тұрғылықты мекен- жайынан шыққанымен қатар, Ақтөбе қаласына барып, сол жақта жаяу жүргіншілер ережесін бұзған, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.
Пробация қызметімен аталған сотталғаннан түсініктеме алынып, профилактикалық әңгіме жұмыстары жүргізілді және оның мекен жайын тастап кетуіне дәлелді себептері болмағандықтан, заң негізінде тәртіптік жазаға тартылды. Сонымен қатар, алдағы уақытта тағы да жаза өтеу тәртібін бұзған жағдайда, шартты түрдегі жаза өтеу тәртібін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс сотқа жолданатындығы жөнінде қатаң ескертілді.
Жалпы, облыс аумағында өтіп жатқан “Шартты түрде” республикалық жедел профилактикалық іс-шарасына байланысты күшейтілген режимдегі жұмысқа көшу кезінде пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар тұрғылықты мекен жайлары бойынша тексеріліп, оларды бас бостандығынан айыруға дейін апаруы мүмкін жаңа қылмысқа жол бермеу жөнінде ескертулер, әңгіме-сұхбат жұмыстары жүргізіліп келеді, – дейді Байғанин аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Мейрамбек Бакес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру