Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Сауда орнын алып беремін»: Шымкенттік полицейлер алаяқты ұстады

Шымкенттік полицейлер сауда орнын алып беремін деп тұрғынды алдап кеткен алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 23 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу Шымкент қаласындағы «Темір жол вокзалының алдынан сауда орнын алып беремін» деп алаяқтық жолмен 70 мың теңге ақшасын иемденіп кеткенін көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру