Түркістан полицейлері ауласында есірткі еккен екі тұрғынды анықтады
Түркістан полицейлері ауласында есірткі еккен екі тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан ҚПБ-ға хабарлама келді. Ол жергілікті тұрғындардың өз үйіне есірткі затын егіп, өсіріп, заңсыз есірткі саудасымен айналысып жүргендігін көрсетеді. Түскен хабар бойынша іске кіріскен полиция қызметкерлері ауласына есірткі затына ұқсас өсімдікті өсірген жергілікті екі тұрғынды ұстады. Полицейлердің анықтағанындай, күдіктінің бірінің ауласынан төрт дана, бірінен сегіз дана “сора” есірткі затына ұқсас өсімдікті тамырымен бірге топырақтан шығарып, заттай дәлел ретінде алды.
Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты сот сараптамасы тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.