Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ордабасыда 8 дүкенге ұрлыққа түскен екі шымкенттік жігіт ұсталды

Ордабасыда сегіз дүкенге ұрлыққа түскен екі шымкенттік жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, түнгі уақытта Ордабасы ауданының көшелерінің бірінде орналасқан дүкеннің терезесін бұзу арқылы белгісіз біреу ішке кіріп, 10 қорап темекі заттары мен кассадан ақша ұрлаған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 100 мың теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Орын алған қылмысты ашу мақсатында Ордабасы АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Куәгерлерден сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Бейнебақылау камераларын мұқият тексерді. Нәтижесінде ақпарат көздері арқылы тәртіп сақшылары күдікті ретінде екі бірдей ер адамның жеке-басын анықтады. Қолға түскен күдіктілер Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау мақсатында Ордабасы аудандық сотына жолданды. Күдіктілер қамауда.

Белгілі болғандай, екі ер адам алдын-ала өзара келіскен. Оңай жолмен ақша табуды көздеп, арам ойларын іске асыру мақсатында жорыққа шыққан. Сонымен қатар күдіктілердің бұдан басқа да жеті ұрлық жайтына қатысы бар екені анықталды. Онда да түрлі дүкендерге ұрлыққа түсіп, темекі заттары мен кассадан түрлі көлемде ақша ұрлаған. Қолды болған темекілердің барлығын Шымкент қаласындағы дүкендердің біріне алып барып, сатып жіберген. Ал ақшасын екеуі бөлісіп, бас пайдаларының қажеттілігіне жұмсаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру