Өскемендік жігіт бөтелкелесінің телефонын ұрлап кетті
Өскемендік жігіт бөтелкелесінің телефонын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 16 маусымында Өскемен қалалық ПБ Ертіс ПБ «102» жедел арнасына қаласының 35 жастағы тұрғыны 8 маусым күні сағат 16:00 шамасында Согра кентіндегі Үлбі өзенінің жағасында спирттік ішімдіктерді ішу барысында белгісіз біреу мас күйінде ұйықтап қалғанын пайдаланып, қымбат смартфонын ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Осылайша 100 000 теңге материалдық шығын келтірген.Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Согра ҚОП криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 26 жастағы жігітті анықтап, жеткізді. Ол жауап алу барысында кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.