Теміртаулық полицейлер дүкенде ұрлық жасаған адамды ұстады
Теміртаулық полицейлер дүкенде ұрлық жасаған адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 маусымда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне қаладағы дүкендердің бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті.
Клиенттердің бірі сатушының басқа келушілерге қызмет көрсетңп жатқанын пайдаланып, спорт костюмін пакетке салып алып кеткен. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сауда алаңында орнатылған бейнекамераны қарау арқылы полиция қызметкерлері бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 26 жастағы ер адамды анықтады.
28 маусымда криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасаған адамды ұстады. Айғақты зат – спорттық костюм тәркіленіп, зардап шеккен тарапқа қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.