Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жасырын патруль 50-ге жуық бұзушылықты анықтады 

Павлодарда жасырын патруль 50-ге жуық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 10 мамырынан бастап әкімшілік құқық бұзушылықтардың және жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу үшін облыс орталығында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін жасырын бейнебақылауы бар автомобиль жұмыс жасауда.

– Автомобиль бейнетіркеу камераларымен және радиостанциямен жабдықталған. Жасырын патрульдеу жолдың ең күрделі учаскелерінде, яғни жүргізушілердің бұзушылық жасау ықтималдығы жоғары, кептелістер жиі болатын жерлерде жұмыс жасайды, – деп хабарлады Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріпов.

Егер инспектор қандай да бір бұзушылықты байқаса, ол оны камераға тіркейді және осы учаскеде қызмет атқаратын патрульге сигнал береді. Бұл ретте, автокөліктің маркасын, оның түсін және тіркеу нөмірін хабарлайды. Егер ол өз кінәсін мойындамаса, жасырын патрульдің көлігіне түсірілген бұзушылық жазылған бейнетүсірілімді көрсетеді.

Жасырын патруль жол қозғалысы ережелерін бұзудың барлық сәттеріне назар аударады, оның ішінде: бағдаршамның қызыл сигналына өту, тыйым салынған жерде бұрылу, жаяу жүргіншілерге жол бермеу және басқа да бұзушылықтар. Сонымен қатар патруль автокөлік жүргізушілерінің жүргізілу тәсіліне де назар аударады, бұл мас жүргізушілерді анықтауға көмектеседі.

Жасырын патруль тек жүргізушілердің бұзушылықтарын немесе күдікті әрекеттерін тіркейді және сигналды қабылдайтын және бұзушыны тоқтататын автопатрульге сигнал береді.

– Жасырын патруль жұмыс істей бастағаннан бері 50-ге жуық бұзушылық анықталды. Олардың ішінде 29 жүргізуші жол белгілері мен таңбалардың талаптарын сақтамағаны үшін, 10 – маневр жасау ережелерін бұзған, бесеуі бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткен және төртеуі жаяу жүргіншіге жол бермеген, – деді Ренат Шәріпов.

Полиция мұндай жасырын патрульдер жүргізушілерді ұқыпты болуға және жол ережелерін бұзбауға ынталандыру үшін енгізілгенін айтады. Жалпы, мұндай патрульдеуді жағымды жаңалықтарға жатқызу керек, бұл көптеген бұзушыларды анықтауға көмектеседі және жолдардағы қауіпсіздік деңгейінің жоғарылауына оң әсер етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру