Түркістан облысында жүргізуші куәлігінсіз есірткілік мас халде трактор айдаған тұрғын ұсталды
Түркістан облысында жүргізуші куәлігінсіз есірткілік мас халде трактор айдаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысында жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп келеді. Осындай кезекті рейд барысында Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлері қызметік міндеттерін атқарып жүріп, күндізгі сағат 13:00 шамасында Қазығұрт елді мекенінің жоңышқа алқабында күдік тудырған Т-80 маркалы тракторын тоқтатады.
Автокөлік иесін тексере келе оның жүргізуші куәлігінің жоқтығы белгілі болды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жүргізушінің екі көзінің қызарып тұрғанын байқап, мас екендігіне күәманданды. Осылайша медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысына сәйкес жүргізушінің есірткі затын тұтыну әсерінен болған масаңдығы белгілі болды.
Тәртіп сақшылары аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін Қазығұрт аудандық сотына жолданды.