Тараз полицейлері қалта ұрысын қолға түсірді
Тараз полицейлері қалта ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қалалық маршруттық автобуста жолаушылардың бірінің ұялы телефонын ұрлады деген күдікпен 49 жастағы ер адамды ұстады.
Алдын ала тергеу барысында күдікті жәбірленушінің өз жеке мүлкіне қырағылық танытпай, мұқиятсыз болғандығын пайдаланып, сөмкесінен бағасы 200 мың теңге болатын ұялы телефонын ұрлағаны анықталды.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Заттай дәлелдемелер алынып, иесіне қайтарылды.