Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жануарлардың қатысуымен 10 ЖКО орын алды

1-3 шілде аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Жолдағы құқықтық тәртіп» жоспардан тыс жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығынан барлық бағыттағы автожолдарда патрульдік, криминалдық полиция және кинологиялық қызмет қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар қойылды. Аталған топтар жол қозғалысын қадағалаудан басқа республикалық және халықаралық маңызы бар трассаларда, трассаларға тікелей жақын орналасқан елді мекендер мен шаруа қожалықтарында құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізетін болады.

Сонымен қатар бағыттардың әрқайсысы республикалық және халықаралық трассаларға тікелей жақын орналасқан елді мекендерді, шаруа қожалықтарын, кемпингтер мен жол бойындағы дәмханаларды аралап шықты. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге алыс жолдан демалуға болатын орындар және трассадағы авариялық-қауіпті орындар көрсетілген буклеттер таратты.

Полиция қызметкерлері тас жолдардың әр бағытында иесіз мал жаюдың 23 фактісін анықтады. Нәтижесінде 54 бас мал қораларына қамалды. Иесіз қалған мал ең алдымен түнгі уақытта қауіп төндіреді, кенеттен жолға шығып, жол-көлік оқиғаларын тудырады. Облыс жолдарында жануарлардың қатысуымен 10 ЖКО орын алды.

Сонымен қатар 116 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде аң аулау, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу, қаруды сақтау ережелерін бұзу.

Сондай-ақ шетелдіктер қатысуымен болған бұзушылықтар анықталды. Тіркеусіз тұратын 36 шетелдік анықталды және бес шетелдік көші-қон саласындағы заңнаманы бұзды.

Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізудің бірінші күні 233 бірлік автокөлік тексерілді, онда аудандық полиция бөлімдерінің аумағына тиісті құжаттары жоқ төрт автокөлік қамауға алынды.
Сонымен қатар 27 жүргізуші белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып, төрт мас жүргізуші анықталды.Облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиевтің айтуынша, мұндай жұмыстар жүйелі негізде жүргізіледі. Бұл бірінші кезекте азаматтарды құқықтық тәрбиелеу және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру