Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түлкібаста әйел көршісінің алтын бұйымдарын жымқырып кетті

Түлкібаста әйел көршісінің алтын бұйымдарын жымқырып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданған. Оның айтуынша, өзінің тұрғын үйіне белгісіз біреулер кіріп, жатын бөлмеде тұрған алтын бұйым әшекейлерін жымқырып кеткенін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 450 000 теңгені құрады.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, іздестіру жумыстарын бастап кетті. Нәтижесінде білікті қырағы түлкібастық полицейлер тәулік ішінде күдікті әйелді анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Белгілі болғандай, күдікті әйел жәбірленушінің көршісі болып шықты. Әйелдің үйінен шығып кеткенін көрген күдікті өз арам ойын жүзеге асырған. Қазіргі таңда қолды болған әшекейлер толықтай заңды иесіне қайтарылды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдікті әйелге қатысты тергеу амалдарын жалғастыруда. Әшекей бұйымдарының табылғанына қуанған тұрғын полицейлерге өз алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Бүгінде ұсталған күдікіті әйел қолхатта.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру