Ақтөбеде мас жүргізуші анықталды
Ақтөбеде мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 шілдеде кезекті рейд барысында Жамбыл көшесі бойынша патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 42 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ваз-2115 автокөлігін тоқтатты.Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шығып, жүргізілген сараптама жүргізушінің мас күйінде екенін көрсетті. Сондай-ақ ексеру кезінде жүргізушінің бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (КҚ басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның КҚ басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Автомашинасы арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші Ақтөбе қалалық УҰИ-ға қамауға алынды.