Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 5 қабаттан құлаған бала көз жұмды

Ақтөбеде маусым айының соңында бесінші қабаттан құлаған бала көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық Полиция департаменті жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында кәмелетке толмаған балалардың бос уақытын және орналасқан жерін мұқият бақылау қажет екенін ескертеді.

Жазғы кезеңнің басталуымен көшелер мен аулаларда ата-аналардың бақылауынсыз қалған балалардың жазатайым оқиғалары, суда қаза болу, балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті.

Ағымдағы жылдың басында балалардың терезеден құлауының бес фактісі тіркеліп, олардың біреуі қайтыс болды.

Ағымдағы жылдың 30 маусымында Ақтөбе қаласындағы бір үйдің бесінші қабатынан екі жасар бала құлап кеткен, баланың анасы ас үйде болған. Бала түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жатқызылды, алған ауыр жарақаттардан бала 5 шілдеде ауруханада қайтыс болды.

Осыған байланысты Ақтөбе облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев ата-аналарға ескертеді:

– балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

– бала шыға алмайтындай етіп барлық жиһазды терезеден алыс орналастырыңыз.

– терезедегі москит торлары құлаудан қорғауға арналмаған. Керісінше, шыбын-шіркейден қорғайтын тор қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін;

– бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезеге арнайы бекіткіштерді орнатыңыз;

– балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйретіңіз.

Балаларыңыздың өмірін сақтаңыздар және дендеріңіз сау болсын!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру