Нұр-Сұлтанда «Нұрлы жол» теміржол вокзалында шетелдіктерге қызмет көрсету секторы ашылды
Нұр-Сұлтанда «Нұрлы жол» теміржол вокзалында шетелдіктерге қызмет көрсету секторы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ел Президенті бірнеше рет атап көрсеткендей, қазіргі әлемде еңбек көші-қонының әлемдік сипаты бар, осыған байланысты көші-қон ережелерін сақтаудың, сондай-ақ елге келетін шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы артып келеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ішкі істер министрлігімен бірлесіп «Еңбек иммигранттарына рұқсат беру, ұзарту» және «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер үшін жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны елордалық Нұрлы жол станциясының аумағында орналасқан шетелдіктерге қызмет көрсету секторында іске қосты.
Анықтама үшін: Сектордың жалпы алаңы шамамен 400 шаршы метрді құрайды, 700-ге жуық ашық автотұрақ және 740 автомобильдер үшін жабық паркингтер, кішкентай мобильді топтарға арналған пандус, күту аймағында 100 орынға дейін, мультикасса, Бірыңғай электронды кезекке қосылу. Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі 09.00-ден 13.00-ге дейін.
Сектордың жұмысына көші-қон қызметінің төрт қызметкері және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Нұр-Сұлтандағы филиалының 10 қызметкері қатысады, олар құжаттар қабылдайды.
Секторда мемлекеттік корпорация қызметкерлері шетелдіктердің өтініштерін, төлем құжаттарының көшірмелерін, медициналық анықтамаларды, сақтандыру полистерін қабылдайды. Көші-қон қызметінің қызметкерлері шекарадан өтуді тексереді және басқа да жазбаларды жүргізеді, содан кейін рұқсаттар беріледі. Нәтиже өтініш берушіге беру үшін ХҚО-ға беріледі.
Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйелері Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі жүйелерімен біріктірілгендіктен, қызметтерді көрсету үшін «бір терезе» шеңберінде бастапқы және дайын құжаттарды беру процедурасы жеңілдетілді.
22 маусымнан бастап сектор 1 214 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде еңбек иммигранттарына 855 рұқсат берілді және ұзартылды, біздің елде уақытша жүрген шетелдіктерге 359 ЖСН қалыптастырылды.