Шымкентте жезөкшелікпен айналысуға арналған притон анықталды
Шымкентте жезөкшелікпен айналысуға арналған притон анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Абай ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру жайты туралы хабарлаған.
Аталған хабарлама бойынша жедел іс-шаралар өткізу барысында Абай АПБ-ның қызметкерлері қаладағы қонақ үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысып жүрген үш әйелді анықтап, Полиция басқармасына жеткізді.
Факті бойынша ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігімен (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Айта өтейік, қала аумағында полицейлер жеңгетайлық пен притон ұстау жайттарының жолын кесуге, жезөкшелікпен айналысатындарды анықтауға және оларды есепке қоюға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Тәртіп сақшылары бұл шаралар барысында көңіл көтеру орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді және жалға берілетін пәтерлерді тексереді.