Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ерлі-зайыптылар жалған ПТР тесттерін жасау кезінде ұсталды

Ақтөбеде ерлі-зайыптылар жалған ПТР тесттерін жасау кезінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында өткен 2020 жылдың соңында Ақтөбенің 33 жастағы тұрғыны әйелімен алдын ала сөз байласып, медициналық орталықтардың бірінің дәрігерімен жалған ПТР анықтамаларын жасап, сатқанын анықтады.

Күйеуі Ресей Федерациясымен шекарадағы «Жайсаң» шекара бекетінде Ресейге баратын жүк көліктерінің жүргізушілеріне ПТР-тест тапсырғандығы туралы анықтама ұсынғаны анықталды. Жүргізушілердің деректерін жұбайына жіберіп, жұбайы жалған куәліктерді күйеуіне жіберіп отырған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында көрінеу жалған ПТР тесттерін қолданған 10 азамат куәгер ретінде анықталып, олардан жауап алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігі (Көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру