Заңсыз аңшылықпен айналысқан екі қызылордалық ұсталды
Заңсыз аңшылықпен айналысқан екі қызылордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 шілдеде Қызылорда Орман жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің және Сырдария АПб-нің қызметкерлерімен біріккен рейдтік іс шара барысында «ИЖ-Планета» маркалы мемлекеттік белгісі жоқ мотокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында үстіндегі қоржынының ішінен үш дана қоянға ұқсас жануарының өлі денелері, бір дана тіркеуде жоқ 12 калибрлі жеке ұңғылы аңшы мылтығы және 24 дана оқ дәрілері, сондай-ақ бір дана жарық шамы (прожектор) анықталды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар ауданның екі тұрғыны анықталды.
Қазіргі таңда орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 337-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз аңшылық) қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.