Қарағандыда ЖШС-дан ұрлық жасаған ер адам ұсталды
Қарағандыда ЖШС-дан ұрлық жасаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 шілдеде ЖШС-нің бірінің 33 жастағы басшысы Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне хабарласты. Ол белгісіз біреудің жеке үйдің аумағынан үш шойын батереяны ұрлап кеткенін түсіндірді. Шығын мөлшері 90 мың теңгені құрайды.
Жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдікті – 34 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, батареялар үйін келесі жылыту маусымына дайындау үшін қажет болғанын түсіндірді. Айғақты заттар алынды.
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.