Шымкенттік полицейлер 150 адам жиналған тойды тоқтатты
Шымкенттік полицейлер 150 адамдық тойды тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кезекті рейд барысында Еңбекші ауданының полицейлері Ш. Уәлиханов көшесі бойында орналасқан тойхананың карантиндік талаптарды сақтамай, той өткізіп жатқанын анықтады.
Аталған тойханада қызыл аймаққа қарамай, 150 адам жиналған мерей той өткізгені белгілі болды. Сонымен қатар мекеме жұмысшылары келген қонақтардың дене қызуын өлшемей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.
Аталған жайт бойынша тойхана әкімшісі мен той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.