Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер алаяқтық жолмен ақша тауып жүрген шымкенттікті анықтады

Полицейлер алаяқтық жолмен ақша тауып жүрген шымкенттікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында танысы мемлекеттік бағдарлама арқылы қайтарымсыз ақша алып беремін деп сеніміне кіріп, 70 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен алып, алдап кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті мекемеге жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру