Қармақшы ауданының тұрғынын ұрып-соғып, телефонын тартып алған күдікті құрықталды
Қармақшы ауданының тұрғынын ұрып-соғып, телефонын тартып алған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 шілде күні Қызылорда облысының Қармақшы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреу оны ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алғандығын айтқан. Келтірілген шығын 150 мың теңге.
Полицейлермен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 35 жастағы облыс тұрғыны ұсталды. Ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.