ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкері эпилепсиямен ауыратын сотталғанға көмек көрсетті
ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкері эпилепсиямен ауыратын сотталғанға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО-да кезекшілік кезінде түн ортасында колония қызметкеріне сотталғандар жүгіріп келіп, сотталушы Н. эпилепсия ұстамасы басталғанын айтқан. Колонияның қызметкері жатақханаға келіп, еденде жатқан сотталғанның аузынан көбік ағып, денесі құрысып жатқанын көрген. Жас қызметкер әділет сержанты Ақылбек Аубакиров жедел жәрдем келгенге дейін дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
55 жастағы азамат ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айырылған.
– Мас күйде көлік жүргізіп, азаматтардың өліміне әкеп соққан жол апатына ұшырадым. Өзім ауыр халде ауруханаға жеткізілдім. Осы оқиғадан кейін көптеген түрлі аурулар пайда болды, оның шінде эпилепсия ауыруы да пайда болды. Ақылбек Аубакировке көрсеткен көмегі үшін өте ризамын. Мен ауруханаға жеткізілген соң дәрігерлер маған уақытылы көмек көрсетілгенін айтты. «Кешіккенде қиын болатын еді» деді. Осындай күтпеген жағдайларда не істеу керектігін білетін қызметкерлердің бар екендігі өте жақсы, – деді сотталған.