Шымкентік полицейлер тұрғындарға медициналық бетперде таратты
Шымкентік полицейлер тұрғындарға медициналық бетперде таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші аудананының Полиция басқармасының ұйымдастыруымен COVID-19 инфекциясының алдын алу мақсатында игі іс-шара өтті. Миллионды қаланың көшелері мен көпшілік орындарда полициейлер медициналық бетперделерді тегін таратты.
Арнайы белгісі бар бетпердені тарату барысында полицейлер Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қала аумағындағы карантин талаптарының сақталуына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, акция барысына қала тұрғындарына 200 дана тегін медициналық маска таратылды. Ондағы мақсат – азаматтардың бетпердені ұдайы тағып жүру қажеттігін түсіндіріп, арнайы дағдыны қалыптастыру.