Нұр-Сұлтанда дүкен сатушысы әйелдің есепшотынан ақша шешіп алды
Сатушы сатып алушының банк картасынан шамамен 100 мың теңге ақшаны жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары тексеру барысында азық-түлік сатып алмақшы болған әйелдің дүкенге досының төлем картасымен келгенін анықтады. Сатушы картаның бөгде адамға тиесілі екенін байқап, оны алып қойып, әйелге картаны ұрладын деп жала жапқан. Әйел кеткеннен кейін, күдікті артқы жағында қаламмен жазылған пин-кодты көріп, бөтен адамның картасынан барлық ақшаны шешіп алған.
Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындады. 28 жастағы сатушыға қылмыстық жауапкершілік жүктеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.