ШҚО полицейлері тұрғыннан сұйық есірткі тапты
Ағымдағы жылдың 7 шілдесінде Бородулиха ауданының ПБ криминалдық полиция бөліміне Бородулиха ауылының 42 жастағы жергілікті тұрғыны жеке қолдануға арналған есірткі құралдарын сақтайтындығы туралы жедел ақпарат келіп түсті.
Тұрғын үйді және оған іргелес қора-қопсыларын тінту нәтижесінде ер адамнан есірткі заты бар медициналық шприц табылып, тәркіленді.
Маманның қорытынды актісіне сәйкес, тінту кезінде алынған медициналық шприцтегі сұйықтық «экстракционды апиын» есірткі ерітіндісі екені анықталды.
Айта кесек, 2,5 мл сұйықтықтағы «экстракциялық апиынның» құрғақ қалдығының салмағы – 0,0275 гр.
– Жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері шамамен 14 грамм «апиын» есірткі заттарын тәркіледі, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.