Шымкенттік полицейлер ауруханада телефон ұрлап кеткен күдіктіні ұстады
Шымкенттік полицейлер ауруханада телефон ұрлап кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 27 шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында Шымкент қаласында орналасқан аурухананың дәлізінде тұрған «Samsung A10» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Әл-фараби АПБ №30 учаскелік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, емхананың бейнекамерасы арқылы көп ұзамай қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.