Қызылордалық полицейлер бірнеше мәрте ұрлық жасаған ер адамды ұстады
Қызылордалық полицейлер бірнеше мәрте ұрлық жасаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жеке мүлікті бірнеше рет ұрлады деген айыппен 33 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеп-тексеру барысында оның маусым, шілде айларында төрт рет ұрлық жасағаны анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “Samsung A31” және “Huawei” маркалы ұялы телефондарын, “Украина” және “BMW” үлгісіндегі велосипедтерін ұрлығын жасаған. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 300 мың теңгеге жуық.
Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр.