Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады
Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 шілде күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан аумағынан 481 түп сора анықтады.
Полицейлер жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті екі ер адамды анықтап, ұстады. Олар 42 және 40 жастағы облыс тұрғындары болып шықты.
Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Мән-жайлар анықталуда.