Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс ауданының тұрғыны ұрыны анықтаған полицейлерге алғыс білдірді

Ертіс ауданының тұрғыны ұрыны анықтаған полицейлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына Ертіс ауданының тұрғыны Александр Вагнерден алғыс хат келіп түсті.

– Мен 2021 жылы 5 шілдеде полицияға арыз жаздым, себебі мені тонап кетті. Белгісіз адам үйдің кіреберіс есігінің тиек құрылғысын бұзып, менің банктегі несиемді төлеу үшін зейнетақымнан жинаған 23 мың теңге сомасындағы соңғы ақшамды ұрлап кеткен. Ертіс ауданының полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында ұры анықталды. Тергеуші Градиль Алена өзінің кәсібилігін көрсетті, ол барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, қылмыстық істі сотқа жіберді. Жинап терген зейнетақысын ұрлағанда, зейнеткер үшін үлкен қайғы. Өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын қызметкерлерге рахмет, – деп жазады зейнеткер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру