Аралда базардағы төлем терминалын бұзып, 1,5 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды
Аралда базардағы төлем терминалын бұзып, 1,5 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. оның айтуынша, белгісіз біреулер аудандағы базардың ішінде тұрған терминалды бұзып, ақша ұрлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 1 млн 523 теңгені құрады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Аталған хабарлама бойынша оқиға орнына дереу барған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тез арада сұрастыру жұмыстарын жүргізді.
Жедел-іздестіру жұмыстары барысында ақша ұрлығы қылмысын жасаған 30 жастағы жергілікті тұрғыны анықталып, заттай дәлелдеме ретінде ұрланған 1 млн 523 мың теңге ақша алынып, жәбірленушіге қол хат арқылы берілді. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қол хат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылып, оның басқа да ұрлық қылмыстарына қатыстылығы тексерілуде.