Түркістан облысында нөлдік төзімділік қағидаты бойынша 3 мыңға жуық бұзушылық анықталды
Түркістан облысында нөлдік төзімділік қағидаты бойынша 2 866 бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал АПБ-нің учаскелік полиция инспекторлары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау және ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ерекше бөліміндегі тәртіпсіздікке “нөлдік төзімділік” қағидатын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Шара барысында ағымдағы жылдың жеті айында жалпы нөлдік төзімділік қағидаты бойынша 2 866 құқық бұзушылық анықталса, өткен жылы бұл көрсеткіш 1 840 болған.
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) – 76 құқық бұзушылық, 132-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша – алты, 133-бабымен (Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы) – үш құқық бұзушылық, 200-бабы (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша – 14, 204-бабымен (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) – 263 құқық бұзушылық, 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзуы) бойынша – 917, 434-бабымен (Ортақ пайдаланатын орындарды ластау) – 484, 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша – 44 құқық бұзушылық анықталған.
Ал 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 298 құқық бұзушылық, 441-бабы (Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу) бойынша – 91, 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы) – 12 және 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша – 445 құқық бұзушылық тіркелген.