Шымкентте бейнекамера арқылы велосипед ұрлығы ашылды
Шымкентте бейнекамера арқылы велосипед ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына «102» арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз адам үйінің ауласында тұрған «TIMEX» маркалы велосипедін ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген залал 50 000 теңгені құрады.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Шымкент ҚПД жедел басқару орталығының №15065 санды бейнекамерасы арқылы жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.