Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да екі зейнеткерді алдап соққан алаяқ анықталды

ШҚО-да екі зейнеткерді алдап соққан алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде сағат 10:34-те Бесқарағай АПБ-ге 89 жастағы зейнеткер өзіне таныс емес ер адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту өтінішімен жүгінді. Ол 12 шілдеде отын әкелемін деген сылтаумен 55 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденгенін хабарлаған. Алайда сол күйі хабарсыз кеткен.

Осыдан кейін 17 шілдесінде полиция қызметкерлері тағы бір фактіні анықтады. 14 шілдеде 72 жастағы зейнеткер оған таныс емес ер адам алдап, оның ұлына емделу үшін ақша керек деп, 20 000 теңге сомасында ақша қаражатын алғанын айтты.

Тергеу-жедел тобы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған 45 жастағы ер адамды анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру