Қарағанды полицейлері Қостанай облысынан келген ұрыны ұстады
Қарағанды полицейлері Қостанай облысынан келген ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 тамызда Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің жасағы қала орталығында күнделікті қызметіне кірісті. Сағат 06:00 шамасында полиция қызметкерлері Н. Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйдің ауласына келген кезде кенеттен тежегішті басып, кері бұрылған ВАЗ-2120 жүргізушісіне назар аударды. Көлік жүргізушінің бұл әрекеті күдік тудырып, полицейлер көлікті тоқтатып, көлік жүргізушісі 23 жастағы Қостанай облысының тұрғыны екендігін анықтады.
Тексеру кезінде жігіттің көлікті жаңа ғана ұрлап кеткені белгілі болды. Сонымен қатар ұсталған адам бірнеше сағат бұрын Жамбыл көшесіндегі үйдің автотұрағында тұрған Lexus автокөлігінің салонына кіріп, 51 мың теңге тұратын планшетті ұрлағаны анықталды.
Аталған фактілер негізінде Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің екі бабы – 200-бап (Ұрлық мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иемдену) және 188-бап (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.