Павлодар облысында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірген ауыл тұрғыны анықталды
Павлодар облысында ауыл тұрғыны құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында полицейлер құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады.
– «Қарасора-2021» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуде 28 есірткі қылмысы тіркелді, оның ішінде бес сату фактісі. Операция кезінде жабайы қарасора өсетін жерлерді анықтауға ерекше назар аударылады. Павлодар, Ақтоғай, Май және Ертіс аудандарында аулаларды аралау барысында жабайы қарасораның өсу ошақтары анықталды. Полицейлер 68 ұйғарым шығарып, үш адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Успен ауданында 50 жастағы ауыл тұрғынынан жалпы салмағы 4,9 кг өсірілген 7 қарасора табылып, тәркіленді.Ер адам оны емдеу мақсатында жеке пайдалану үшін өсіргенін түсіндірді. Бұл ретте, сараптама қорытындысына сәйкес, ауыл тұрғыны алкогольдік және есірткілік масаң күйде болған.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 300-бабының 1-бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу қозғалды.
Полицейлер қолданыстағы заңнамада құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін қылмыстық жауапкершілік ҚР ҚК 300-бабы бойынша және есірткі құралдары мен жабайы өсетін сора тізбесіне ҚР ӘҚБК 420-бабымен енгізілген жабайы өсімдіктерді жоюға шаралар қолданбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді.