Шымкенттік полицейлер карантин режимін бұзу жайтын анықтады
Шымкенттік полицейлер карантин режимін бұзу жайтын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 8 тамызы күні сағат 16:00 шамасында Қаратау ауданының Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы Шымсити шағынауданында көпқабатты үйлердің бірінде той-жиын өтіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Хабарлама бойынша Қаратау АПБ қызметкерлері мобильдiк топпен бірлесіп барды. Жергілікті тұрғын таныстарын және туыстарын жинап, ара-қашықтықты сақтамай, карантин талаптарын бұзып, 20 шақты адамға қоныс тойын өткізіп жатқаны анықталды.
Бұл жағдай бойынша тұрғынға алдағы уақытта осындай жағдайды қайталамауы мақсатында Шымкент қаласының бас санитарлық дәрiгерiнiң 30.07.2021 жылғы №26 қаулысының 3,4-бөлігінің талаптарын бұзғаны бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, түсініктеме алынды.
Аталған жайт бойынша тиісті шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425 -бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласы Қаратау ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.