Қарағанды облысында қозы ұрлаған әйел ұсталды
Қарағанды облысында қозы ұрлаған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 маусымда шаруа қожалықтарының бірінің 47 жастағы басшысы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреу жайылымнан қозы ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 30 мың теңгені құрайды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
5 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметінің қызметкерлері күдікті – Балқаш қаласының 59 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.