Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері жанған КамАЗ-ды сөндіруге көмектесті

ШҚО полицейлері отқа оранған КамАЗ жүк көлігін сөндіруге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4  тамызда ШҚО патрульдік полиция ротасы қызмет инспекторы полиция капитаны Р. Мырзаханов пен полиция аға лейтенанты А. Тлекенов қызмет атқару барысында Семей қаласы Боранбай би көшесі бойында КамАЗ автокөлігінің тіркемесіндегі тиелген жүктін белгісіз себептен өртеніп келе жатқаның байқап, аталған көлікті ілестіре отыра, қауіпсіз жерге дейін жеткізген. Тіркемедегі өртенген жүкті түсіріп, өртке қарсы қызмет экипажы жеткенге дейін көліктің өртенуіне жол бермеді.

Аталған көліктің жүргізушісі Айдар Марденов өрттің қайдан келгенін және өртенгенің көрмегендігін жеткізіп, өртенуден аман алып қалған полиция қызметкерлеріне өзінің алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру