Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда көлігін дұрыс қоймаған Toyota Land Cruiser жүргізушісі анықталды

Павлодарда көлігін дұрыс қоймаған Toyota Land Cruiser жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полицейлері автокөлік тұрағы орындарында жүргізушілердің тәртібін тексеруді жалғастыруда. Мұндай рейдтік іс-шаралар барысында аулаға кірген автокөлік балалар алаңының жанында немесе жаяу жүргіншілердің жолын бөгеп жатқанын жиі көруге болады. Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұловтың айтуынша, биыл көлік құралдарын тоқтату немесе қою ережелерін бұзудың 900-ден астам фактісі анықталды.

Мысалы, 10 тамызда қала тұрғыны полицияға қоңырау шалып, Н.Назарбаев даңғылындағы үйдің ауласында Toyota Land Cruiser маркалы көліктің жүргізушісіне шағымданды. Көрсетілген мекенжайға келген полиция дереу жүргізушіні анықтады, ол тәртіп сақшыларына осы үйде тұратын туыстарына қонаққа келгенін және көлікті қарауға ыңғайлы етіп, оны алдыңғы жаққа тұраққа қойғанын айтты. Бірақ полицейлер бұл құқық бұзушылық екенін түсіндіріп, ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру