Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ауаны ластаған 90-ға жуық жүргізуші жазаланды

Павлодар облысында ауаны ластағаны үшін 90-ға жуық жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын жолдардағы көлік саны артып келеді. Осыған байланысты бүгінгі күні автомобиль шығаратын газдармен қоршаған ортаны ластау проблемасы өзекті болып қалуда. Қозғалтқыштың қауіпті шығын өнімі экологиялық жүйеге және адамға зиян тигізеді.
Негізінен бұзушылар – ескі көліктердің жүргізушілері, сондай-ақ дизель отынымен жұмыс істейтін көлік құралдарының жүргізушілері.

– Экология департаментінің полицейлері мен инспекторлары арнайы құрал-түтін өлшегіштің көмегімен түтін шығаратын құбыр арқылы нақты автокөліктің қала ауасын қаншалықты ластайтынын анықтайды, – деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Егер шығару деңгейі рұқсат етілген нормалардан асып кетсе, полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК – нің 334-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасайды-шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөліктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану, оның санкциясында 2 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген, қайта анықталған кезде 5 АЕК.

Ағымдағы жылдың басынан бері тексеру нәтижесінде шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кеткен көлік құралдарының 89 жүргізушісі жазаланды. Барлық тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБК 334-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру