Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда дүкендегі терминал мен кассадан ақша жымқырған адам ұсталды

Жамбылда дүкендегі терминал мен кассадан ақша жымқырған адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Т. Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Құлан ауылының тұрғыны хабарласып, Құлан ауылында  орналасқан азық түлік дүкенінің терезе торын бұзу арқылы белгісіз адам дүкен ішіне кіріп, кассадан мен терминал құлпын бұзып, ішінен жалпы соммасы 72 мың болатын ақшалай қаражатты ұрлап кеткені туралы арызданды.
Аталған дерек бойынша оқиға болған жерге Т. Рысқұлов АПБ қызметкерлері шығып, жедел жұмыстар атқару барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен «ізін суытпай» 26 жастағы Құлан ауылының тұрғының анықтап, айғақ заттар табылып, тәркіленді. Күдікті өзі жасаған қылмысын толық мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы бар-жоғы тексерілуде.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру