Таразда автокөлік ішінен ұялы телефон ұрлап кеткен ұры құрықталды
Таразда автокөлік ішінен ұялы телефон ұрлап кеткен ұры құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Тараз қаласының полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне 20 жастағы қала тұрғыны арызданды. Өз арызында белгісіз біреу «Март» ойын-сауық орталығындағы көлік тұрағына қойылған автокөлігінің ішінен құны 380 мың теңге тұратын «iPhone 11» маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап кеткенін баяндады.
Оқиға болған сәттен бір апта өткен соң, Тараз қаласының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкіл қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрыны таба алды. Ол өз кінәсін толық мойындаған және уақытша ұстау изоляторына орналастырылған.
Аталған ұры 38 жастағы ер адам болып шықты. Ұрланған ұялы телефон иесіне қайтарылды. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, одан әрі тергеу іс-шаралары жүргізілуде.