Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Павлодар-Успенка» автожолында жүк көлігі аударылды: зардап шеккендер жоқ

«Павлодар-Успенка» автожолында жүк көлігі аударылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 10 тамызда «Павлодар-Успенка» автожолымен жүріп келе жатқанда DAF маркалы жүк автомобилі жол апатына ұшырады.

– Жүк көлігінің 31 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, машинаны кюветке аударып жіберген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Жүргізуші Жамбыл облысының тұрғыны екені және Ресей Федерациясынан Қырғызстан Республикасына құрылыс материалдарын тасымалдағаны анықталды.

Полицияда ЖКО жасағаны үшін жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру