Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрлық жасамақ болған Өскемен тұрғыны қылмыстық жазаға тартылды

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ұрлық жасамақ болғаны үшін қылмыстық жазаға тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыс жаңа жыл қарсаңында Өскемендегі сауда үйлерінің бірінде орын алды.

Сатып алушының кейпіндегі қылмыскер бутикке кіріп, сатушыдан тауарды көрсетуін сұраған. Содан кейін әйел сатушының назары басқа жаққа ауғанын пайдаланып, ілгіште ілініп тұрған туниканы алып кетпек болады.

Қауіпсіздік қызметінің қырағылығы арқасында күдікті әйел «олжасымен» ұсталды.

Сот үкімімен әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 24 -бабының 3-бөлігі, 188-бабының 1-бөлігімен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

– 43 жастағы облыс орталығының тұрғыны бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің барлық кезеңінде пробациялық бақылауға алынды, сондай-ақ, жыл бойына жүз сағат бойы мәжбүрлі еңбекке тартылды. Бұл ретте сотталғанға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда, сондай-ақ, оған сот жүктеген міндеттерді орындамаған жағдайда сот жазаны алмастыра алатыны түсіндірілді, – деді Өскемен қаласы пробация қызметінің бастығы Мақсат Манарбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру