Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізбек болған ер адам ұсталды

ШҚО колониясының бірінде кезекті “тыйым салынған” заттар тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскүнемді ОВ 156/3 маңындағы түзеу мекемесінің қызметкерлері ұстады. Ер адам тыйым салынған заттарды аймақтың қоршауынан лақтырып қаша жөнелген.

Колония қызметкерлері 41 жастағы ер адамды қуып жетіп ұстады. Ұсталған адамнан скотчпен оралған заттар тәркіленді. Тәркіленген заттың ішінен тыйым салынған байланыс құралдары анықталды. Әр түрлі өлшемдегі үш түрлі модельді смартфондар тәркіленді.

Күдікті колонияның жедел бөліміне жеткізілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы “Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға тыйым салынған заттар мен бұйымдар беру” бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бүгінгі күні мекеме қызметкерлері құжаттарды сотқа жіберді. Сонымен бірге, колония қызметкерлері сәлемдеменің қай сотталғанға тиесілі екенін анықтады. Ол тонау үшін жазасын өтеп жатқан 31 жастағы сотталғанға арналған болып шықты. Аталмыш сотталған да жауапкершілікке тартылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру